«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның директорлар кеңесі оның өтініші негізінде тиісті шешім қабылдаған.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Сағындықов Дархан Танатұлы 2026 жылғы 26 қарашадан бастап Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор қызметінен өз еркімен кеткені туралы хабарлайды. Оның өтініші негізінде және корпоративтік процедураларға сәйкес, Компанияның Директорлар кеңесінің шешуімен Дархан Сағындықовтың Қазатомөнеркәсіп Басқармасының мүшесі ретіндегі өкілет мерзімі тоқтатылды, – делінген компанияның мәлімдемесінде.
Компания жұмысын әдеттегі тәртіппен жалғастырып жатыр. Сағындықовтың міндеттері компания басшылығы арасында қайта бөлінеді. Оның қызметтен кету себебі мен орнына кім тағайындалатыны әзірге хабарланған жоқ.
Дархан Сағындықов 1985 жылы туған. «Қазатомөнеркәсіпке» 2023 жылы келіп, әкімшілік аппаратының басшысы қызметін атқарған. 2024 жылғы 1 наурыздан бастап компания басқармасының құрамына енді. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» және «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында сатып алу саласында басшылық қызмет атқарған.