Атаулы көмек және қолжетімді орта: «Әділет» партиясы Астананы дамыту үшін не ұсынады?

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы «Әділетті көмек» бөлімі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға, әлеуметтік қызметтерді дамытуға және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді қалалық орта құруға арналған.

Бағдарлама бойынша жыл сайын 2 000 көпбалалы және аз қамтылған отбасына, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсету жоспарланған.

Тағы бір мақсат – осындай қолдау сұрап жүгінген мүгедектігі бар адамдардың 80%-ын қажетті техникалық көмекші құралдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету. Бұл құралдар адамдардың қалада өз бетінше жүріп-тұруына және күнделікті істерін атқаруына көмектеседі.

Партия атаулы көмекпен қатар әлеуметтік қызметтерді дамытуды және қалалық ортаны қолжетімді етуді ұсынады. Мақсаты – тұрғындар қалалық инфрақұрылымды өз қажеттіліктеріне сай пайдалана алуы. 

Дайындаған: «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі. 

Астана қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.