Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін жұмыс беруші өтемақы төлеуге міндетті

Қазақстанның Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс беруші қызметкердің пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы төлеуге міндетті. Бұл талап еңбек демалысын ішінара пайдаланған азаматтарға да қатысты. Төлем мөлшері жұмыскердің орташа жалақысы негізінде есептеледі.

Жұмыстан шығатын азамат соңғы айдағы жалақысынан бөлек, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін де өтемақы алуға құқылы, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстанның Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс беруші қызметкердің пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы төлеуге міндетті. Бұл талап еңбек демалысын ішінара пайдаланған азаматтарға да қатысты. Төлем мөлшері жұмыскердің орташа жалақысы негізінде есептеледі.

Бұдан бөлек, заңнамада жұмысынан айырылған азаматтарға қосымша өтемақы төленетін жағдай қарастырылған. Мәселен, кәсіпорын таратылса немесе штат қысқарса, жұмыскерге бір айлық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы беріледі. Ал жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкелген өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты еңбек шарты бұзылса, екі айлық орташа жалақы мөлшерінде төлем қарастырылған.

Ұжымдық немесе еңбек шартында өтемақының бұдан да жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін. Сондықтан жұмыстан шығатын азамат еңбек шартын тоқтату негізіне және өзіне тиесілі төлемнің толық есептелуіне назар аударғаны жөн.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметінше, жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыскермен есеп айырысуға міндетті. Тиесілі қаражат төленбеген жағдайда азамат еңбек инспекциясына жүгіне алады.