«Ақша жарата алмаймын, әйеліме әкеліп беремін»: Азамат Сатыбалды отбасылық өмірі туралы айтты (видео)

Актер отбасында ерлі-зайыптылардың бір-бірін толықтырып, үйлесуі маңызды екенін атап өтті.

Актер Азамат Сатыбалды жұбайы, актриса Назгүл Қарабалина екеуі Айнұр Асанбердіге сұхбат берді , – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнерлі жұп отбасылық өмірі, шығармашылық туралы сөз қозғады.  Актер отбасында ерлі-зайыптылардың бір-бірін толықтырып, үйлесуі маңызды екенін атап өтті. Ол ақша тапқанымен, оны орнымен жұмсай алмайтынын жасырмады. Сондықтан тапқан қаржыны әйеліне әкеліп беретінін айтты.

«Қазақта «Мал таппайтын еркек жоқ, құра алмайды» деген әдемі сөз бар. Отбасында екі адам бір-біріне үйлесіп тұрады екен. Мен ақша жарата алмаймын. Ақша табамын. Бірақ есебін таппай, быт-шыт боламын. Шашып, жоғалтамын, біреуге беріп тастаймын. Осыны түсінгеннен кейін қаражат әкеліп, барлығын Назгүлге беретін болдым. Маған қаражат әкелген кездегі күшті кадр ұнайды. Назгүл ұйқысын қиып тұрып, соны санайды. Ұйқысы келіп тұрса да, қызығушылығы бар», – дейді Азамат Сатыбалды.

Желі қолданушылары қолдау білдіріп, жарасымды жұп екенін айтып жатыр.

«Дүниеге қызықпайтын әйел екені көрініп тұр. Қанша подкастын көрдім. Бір өзін жарқыратып, жылтыратып көрсетуге әуре болмайды. Қалай бар, солай. Таза ой, таза келбет, ашық ой. Неткен мықты әйел!», «Барлық жағынан үлгі болатын жұп!», «Азаматты тыңдасаң, құлағыңның құрышы қанады. Көп оқығаны көрініп тұр», «Біреуі қиялист, біреуі реалист екен. Бір-бірін әдемі толықтырып тұр», – деп жазды оқырмандар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.