Астанада «Түнгі аялдама – Достық, 11» жобасы басталды

Жобаның басты мақсаты – көпшілік арасында кітап оқуды насихаттау.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Түнгі аялдама – Достық, 11» мәдени-ағартушылық жобасы басталды. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында қолға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алғашқы кездесуге журналист Айнұр Омар, мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров және «Paraqta» оқу платформасының негізін қалаушы Ердәулет Құрал қатысты.

Кездесу барысында Ұлттық академиялық кітапхана мен «Paraqta» платформасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жиында қазіргі журналистика, медиа кеңістік, мәдени құндылықтар және кітап оқудың адамның ой-өрісін кеңейтудегі орны сөз болды. Қатысушылар цифрлық платформалар арқылы оқырманның әдебиетке қызығушылығын арттыру жолдарын да талқылады. Кейін қонақтар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жобаның басты мақсаты – көпшілік арасында кітап оқуды насихаттау. Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, бастама оқырманға әдебиет, ғылым, мәдениет, медиа және цифрлық технология салаларының өкілдерімен кездесіп, пікір алмасуға мүмкіндік береді.