Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол отбасылық мәселе туралы ойын айтып, ажырасқаннан кейін ер мен әйелдің әрекеті қалай болатынын жеткізген.
"Ер адам ажырасқаннан кейін көбіне жаңа өмір бастауға кетеді. Өзін табуға, еркіндік сезінуге, жеке бақытын қайта табуға мүмкіндік алады. Ал әйел, ол кетпейді, қалады. Қолында – бала, ойында – мың жауапкершілік. Жүрегінде мың – шаршау. Ол бір мезгілде ана да, әке де бола алады. Үйді де ұстайды, жұмысын да істейді", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл жазба бұрынғы күйеуі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа арналған деп болжам жасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.