Астаналық құтқарушылар ауа райына байланысты тұрғындарға ескерту жасады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астана қаласының ТЖД қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді.
Қатты жел, көктайғақ, қар жаууы және ауа температурасының күрт өзгеруі түрлі төтенше жағдайларға себеп болуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
* Қолайсыз ауа райы кезінде мүмкіндігінше үйден шықпаңыз;
* Ағаштардың, жарнама қалқандарының, электр желілерінің және басқа да тұрақсыз құрылымдардың жанында тұрмаңыз;
* Жүргізушілер жылдамдығын азайтып, көлік арасындағы қашықтықты сақтап, жол жағдайына мұқият болуы қажет;
* Жаяу жүргіншілер тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінде, әсіресе көктайғақ кезінде абай болуы қажет;
* Жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
«Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі», – делінген ТЖД хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.