Селекция мен төрелікке қатысты заңнама жетілдіріледі

Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы отырыстың күн тәртібінің жобасы айқындалды.

Құрылтай бірінші оқылымда «Се­лек­ция­лық жетістіктерді қор­ғау ту­ралы» заң жо­баларын және депу­тат­тар бастамашы бол­ған «Төрелік ту­ралы» заңға енгізілетін түзе­­ту­лер­ді қарайды. Сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Қытай Халық Рес­пуб­ли­касы арасындағы мәңгілік та­ту көршілік, дос­тық және ынты­мақ­­тастық туралы шарт, Тү­рік­мен­­с­тан Үкіметімен арадағы жо­­лау­шы­­лар мен жүктерді авто­мобильмен ха­лық­ара­лық тасы­мал­дау туралы ке­лісімге өзгеріс­тер енгізу туралы хат­тама сынды ратифика­ция­лық заң жобалары талқылауға шығарыл­ды.

Тұқым шаруашылығы мәсе­ле­лері бойын­ша ілеспе түзе­ту­лері бар «Селек­ция­лық жетістік­тер­ді қорғау туралы» заң жоба­сы селекционерлер мен патент ие­лерінің зият­керлік құ­қығын қор­ғаудың заманауи жүйе­­сін құру, сондай-ақ ұлттық заң­на­ма­ны өсім­діктердің жаңа сорт­­тарын қорғау жө­ніндегі ха­­­­лық­ара­лық конвенцияның талап­та­ры­на сәйкестендіру мақсатында әзір­лен­ген.

«Төрелік туралы» заңға түзе­ту­лер енгізіл­ген заң жобасы Қа­­зақ­­стан­да осы институт­тың жұ­мыс іс­теуінің құқықтық не­гіз­дерін же­тіл­діруге бағытталып отыр. Құжат тұ­рақ­ты жұмыс іс­тей­тін төрелік­тер­ді құру мен есеп­­ке алуды, сондай-ақ олар­дың жалпы қыз­метін ретке кел­тіреді, төрешілердің кә­сіби стан­дарттары мен жауапкер­ші­лігін арт­­тырады, сондай-ақ тал­қы­лау­лар­дың ашық­тығы мен  аза­маттар­дың құқығы қор­ға­луын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы, Қыр­­ғыз Рес­пуб­ликасы, Тәжік­стан Рес­пуб­ликасы, Тү­рік­­мен­стан, Өзбек­стан Республикасы және Қытай Ха­лық Респуб­лика­сы арасындағы мәң­гілік тату көр­шілік, достық жә­не ынты­мақ­тастық туралы шартты ра­­тификациялау та­рап­тар ара­сын­дағы халықаралық әріп­тес­тікті ны­ғайтуға және «Орталық Азия – Қы­тай» форматындағы көп­жақ­ты өзара іс-қимылды кеңей­туге жол ашады.

Қазақстан мен Түрікменстан Үкі­­меттері ара­сындағы Жолау­шы­­лар мен жүктерді авто­мо­биль­мен ха­лықаралық тасы­мал­дау тур­алы ке­лісімге өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы хат­тамаға 2024 жылғы 10 қа­занда Ашхабадта қол қойылған. Заң­ның қа­былдануы екі мемлекет ара­сындағы тран­зит­тік-көліктік әлеуетті және сауда-эконо­ми­­ка­лық қатынастарды дамытуға ық­пал ете­тін болады.