Отбасылық құндылық – ұлттың рухани тірегі

Шымкентте отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асырудың кешенді жүйесі қалыптасып келеді. Шымкент – еліміздегі үшінші мегаполис қана емес, сонымен қатар отбасылық және демографиялық саясатты жүйелі жүзеге асырып отырған өңірлердің бірі.

Соңғы апталарда қалада бірінен-бірі мазмұнды, бірінің жалғасы іспеттес бірнеше маңызды іс-шара өтті. Қала әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясындағы кездесулер және осы тақырып аясындағы республикалық рухани-танымдық форум. Осының барлығы бір ортақ мақсатқа отбасын қорғау, ана мен баланың құқығын күшейту, әйелдің қоғамдағы рөлін арттыру және зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруды көздеді.

Отбасы – мемлекеттің шағын үлгісі

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құ­ран­бектің қатысуымен өткен қа­ла әкімі жанындағы Әйелдер іс­тері және отбасылық-демог­ра­фия­лық саясат жөніндегі комис­сия­ның кезекті отырысында күн тәр­тібіне үш өзекті мәселе шы­ға­рыл­ды. Көпбалалы және жал­ғыз­бас­ты аналарға көрсетілетін әлеу­мет­­тік қолдау, «Зорлық-зом­бы­лық­­қа қарсы 16 күн» науқанын өт­кізу және қаланың бес ауда­нын­да отбасылық және гендерлік сая­­­­сат жөніндегі жоспардың орын­­далуы жан-жақты талқы­лан­ды. Жиында салалық басқармалар мен құқық қорғау органдарының статистикалық мәліметтері қарал­ды. Әр ауданның әлеуметтік жағ­дайы әртүрлі екені, сондықтан әр­­қайсысына жеке көзқарас қажет екені айтылды.

Қалалық комиссия төраға­сы­ның орынбасары Ардақжан Жә­кенованың пікірінше, бес аудан­ның әрқайсысында өз комиссиясы жұмыс істейді және әр ауданның өзіндік түйткілі бар. Әл-Фараби ау­данында жоғары оқу орындары мен студенттер көп болғандықтан, мұнда жастар саясатына басым­дық беріледі. Ал Абай ауданында жеке сектор басым, сондықтан тұр­м­ыстық зорлық-зомбылықтың ал­дын алу, мектепке апаратын жо­л­дардың қауіпсіздігі, көшелерді жа­рықтандыру мәселелері алдың­ғы орында тұр. Жаңадан қосылған тұрғын алаптардағы балалардың қажеттіліктерін тұрақты бақы­лау­дың маңызы да атап өтілді. Ко­мис­сия жұмысының нәтижелі тұс­тары да бар. Мәселен, биыл жас­тарды профилактикалық ме­дициналық скринингтермен қам­ту деңгейі 70 пайыздан 99 пайызға жуық­таған. Бұл – ана мен бала ден­саулығын қорғаудағы нақты же­тістік.

Отырыс қорытындысында Шым­­­кент қаласы әкімінің орын­ба­сары, комиссия төрағасы Сәр­сен Құранбек әлеуметтік қолдау ша­раларын жалғастыруды, асы­рау­­шысынан айырылған көпбала­лы отбасыларға көмекті күшейтуді тап­сырды. Полиция депар­та­мен­тіне аудан әкімдіктерімен бірлесіп про­филактикалық рейдтер ұйым­дас­тыру, Білім басқармасына бі­лім беру ұйымдарындағы алдын алу жұмыстарын күшейту мін­дет­телді. Жоғары оқу орындары бе­кі­тілген жоспарға сәйкес іс-шара­лар­ды уақытылы әрі сапалы орын­­­­дауға тиіс.

Ардақжан Жәкенова комиссия тек есеп тыңдайтын орган емес, кеңес беруші әрі бақылаушы құ­ры­лым ретінде жұмыс істейтінін жет­кізді. Отырыстар екі айда бір рет өтеді, аралық кезеңде білім бе­ру және денсаулық сақтау мәсе­л­е­лері бойынша тақырыптық жұ­мыс топтары қызмет атқарады.

Ананың хаты – ұрпаққа аманат

Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы ая­сында Шымкентте отбасы құн­ды­лықтарын нығайтуға арналған республикалық рухани-танымдық форум өтті. Республикалық және қа­ла­лық Әжелер кеңесі, М.Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақстан зерт­теу университетінің Аналар кеңе­­сі және университет жанын­дағы Тәрбие және тұлғаны дамыту ор­талығы ұйымдастырған форум­ға республикалық Аналар кеңе­сі­нің төрайымы Нәзипа Шанай, қа­ла әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ғалымдар, психологтар, медиаторлар, педагогтер, қоғам қайраткерлері және еліміздің әр өңі­рінен келген студент жастар қа­тысты. Жиында отбасындағы қауіп­сіздік, балаларға рухани-адам­гершілік тәрбие беру, ұлттық дәс­түрлер сабақтастығы, ата-ана­лар­дың психологиялық саулығы, құ­қықтық сауаттылық және тұр­мыс­тық зорлық-зомбылықтың ал­дын алу мәселелері кеңінен тал­қыланды. Қатысушылар қауіп­сіз ортаны қалыптастырудағы ұлт­­тық және отбасылық құнды­лық­­­тардың маңызын, тұлға тәр­биелеудегі ата-ананың рөлін, қа­зір­г­і аналардың психологиялық жағ­дайын, әйелдер мен балаларды қор­ғаудың құқықтық тетіктерін, ме­диацияның мүмкіндіктерін, жас­тарды берік әрі бақытты отба­сын құруға даярлау жолдарын о­р­таға салды.

Жиында сөз алған белгілі жур­налист, қоғам қай­рат­кері Зәуре Оралбаева: «Зор­лық-зомбылықсыз қоғам қалып­тас­тыруға бағытталған акциялар­дың басты мақсаты – бұл мәселені са­налы түрде қабылдап, жүрекпен се­зіну. Әркім өз жауапкершілігін те­рең түсінген кезде ғана қауіпсіз ор­та қалыптастыра аламыз», – де­ді. Форум соңында қаты­су­шы­лар от­басы құндылықтарын нығайту, әйелдер мен балалардың құқықта­рын қорғау туралы ортақ үндеу қа­былдап, студент жастарға «Ана ха­ты» табысталды.

Баланың қауіпсіздігі бәрінен жоғары

25 қараша мен 10 желтоқсан ара­лығында өтетін «Зорлық-зом­бы­лыққа қарсы 16 күн» халық­ара­лық науқаны аясында Шым­кент­тің Әл-Фараби ауданында, по­ли­тех­никалық колледжде тағылым­ды кездесу өтті. Науқанның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зом­былық мәселесіне қоғам наза­рын аудару, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, теңдік, құр­мет және қауіпсіздік идея­ла­рын насихаттау. Кездесу барысын­да қатысушыларға тұрмыстық жә­не гендерлік зорлық-зомбы­лық­­тың алдын алу жолдары, зар­дап шеккендерге көрсетілетін кө­­мек түрлері түсіндірілді. Көмек­ке мұқтаж болған жағдайда тиісті мем­лекеттік органдарға дер кезін­де жүгіну қажеттігіне ерекше на­зар аударылды.

Кездесуде сөз алған Әл-Фара­би ау­да­ны әкім­дігі­нің бөлім бас­шы­сы Бақтияр Сә­лиев мұны іште сақ­­тауға бол­май­ты­нын, онымен бір­­ге күресуіміз қа­жет екенін атап өт­­ті. «Қазақстан Рес­публикасы әйел­­­­­­дер кеңесі» қо­ғамдық бірлес­ті­гі қалалық фи­лиалының төра­ға­сы Баян Жан­до­сова: «Біз мәселесі бар отбасыларды анықтап, психо­ло­гиялық және ө­з­ге де көмек көр­­се­теміз. Мұндай мә­­селелерді жа­сы­руға болмайды. Се­­бебі дерт ту­ра­лы айтылмаса, оның неге әке­­летінін білесіздер», – деді.

Осы кезеңде қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері де тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, халықты қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету бағытында профилактикалық ак­циялар өткізуде. Алайда по­ли­ция мәліметінше, қалада жасөс­пі­рімдер арасындағы құқықбұзу­шы­лықтар мен мектепте оқушы қыз­дарға қатысты зорлық-зом­бы­лық жағдайларының көрсеткіші өсіп отыр. Бұл – алдағы жұмысты күшейтуді талап ететін дабыл.

Шымкентте атқарылып жат­қан осы жұмыстардың басты ерек­шелігі – кешенділік. Әлеу­мет­тік қолдау, құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және қ­о­ғам­дық ұйымдар бір алаңда то­ғы­сып отыр. Әр ауданның ерекшелігі ес­керіліп, әр отбасыға жеке көз­қа­рас танытылады. Қауіпсіз от­ба­сы – берекелі қоғамның негізі. Өза­ра құрмет, қолдау, жауапкер­ші­лік және зорлық-зомбылыққа жол бермеу әрбір ұрпақ тәрбиесі­нің ажырамас қағидатына айналу­ға тиіс.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы