Десе де туристік компания оған ақшасын қайтармайтынын айтқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, тұрғын жолдама үшін 690 831 теңге төлеген. Бірақ тараптар арасында туристік қызмет көрсету туралы жазбаша шарт жасалмаған.
Кәсіпкер жолдаманың қайтарылмайтын тур санатына жататынын алға тартқан. Сондай-ақ жұмсалған шығынды растайтын құжаттарды ұсынбаған және тұтынушының шағымына жазбаша жауап бермеген.
Осыдан кейін елорда тұрғыны Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Мамандардың араласуымен дау сотқа жетпей шешіліп, тұрғын ақшасын толық қайтарып алды.
Комитет туристік жолдаманың қайтарылмайтын болып белгіленуі азаматты сапардан бас тарту құқығынан айырмайтынын еске салды. Компания нақты жұмсаған және құжатпен расталған шығынды ғана ұстап қала алады.
Мамандар туристік жолдама сатып алғанда міндетті түрде жазбаша шарт жасасуға кеңес береді. Онда сапар талаптары, қызмет құны және келісімді бұзу тәртібі көрсетілуге тиіс.