Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Батырхан Төлеуғали елордада өтіп жатқан Гран-при финалының ширек финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазақстандық таеквондошы 80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында 2025 жылғы әлем чемпионы Энрике Маркес Родригеспен (Бразилия) кездесті.
Алғашқы кезеңде Батырхан 4:2 есебімен басым түсті. Ал екінші раунд 5:3 есебімен бразилиялықтың пайдасына аяқталды. Дегенмен үшінші кезеңде отандасымыз тізгінді өз қолына алып, 11:5 есебімен жеңді.
Енді Батырхан Төлеуғали Гран-придің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.