Астананың бірқатар көшесі мен тұрғын алабында жарық өшіріледі

iKomek109 мәліметінше, «Интернациональный» қосалқы стансасына 10 кВ кабель желісін қосу жоспарланған.

Елордада электр желісін қосу жұмыстарына байланысты бірқатар мекенжайда электр қуатын беру уақытша тоқтатылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

iKomek109 мәліметінше, «Интернациональный» қосалқы стансасына 10 кВ кабель желісін қосу жоспарланған. Осыған байланысты сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін мына мекенжайларда жарық болмайды:

Алтындала: Көксай 2/1, 84, 85, 85/1, 85/2, 86, 86/2;

Жағажай: 1а, 82, 84, 55;

Қаражал;

Армандастар 2/3;

Ашутас;

Майлыкент;

Жылыбұлақ;

Сүткент;

Егінді;

135-көше;

Көкжиде;

Болғанбаев;

Гольф-клуб;

Қызылсуат кенті.

Тұрғындарға электр қуатының уақытша ажыратылатынын ескеріп, тұрмыстық жұмыстарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.