Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы 50 мың теңгеге қысқы аяқкиім сатып алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Дегенмен сатушы оған тапсырыс берген өлшемнен басқа аяқкиім жіберген.
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, сатып алушы тауарды ауыстыруды сұраған. Бірақ сатушы аяқкиімді ауыстырудан да, ақшаны қайтарудан да бас тартқан.
Осыдан кейін тұрғын облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданған. Мамандар өтінішті қарап, сатушыға заң талаптарын түсіндірген.
Нәтижесінде дау сотқа жетпей шешіліп, сатып алушыға 50 мың теңгесі толық қайтарылды.