Таеквондошы Батырхан Төлеуғали елордадағы Гран-придің күміс жүлдегері атанды
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық бәсекесінде ирандық Радин Зейналимен жолықты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша ирандық таеквондошы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазақстандық таеквондошы финалға дейін үш қарсыласын жеңді. Олардың қатарында 2025 жылғы әлем чемпионы, бразилиялық Энрике Маркес Родригес те бар