Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысты күдікті ұсталды

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке қатысты күдікті ұсталды

Алматыда бес адам қаза тапқан жеке тұрғын үйдегі өртке байланысты 37 жастағы әйел ұсталды. Полицияның мәліметінше, тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы себеп болған қасақана өрт қою әрекеті түрткі болуы мүмкін.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, күдіктінің қозғалыс бағытын анықтаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданындағы жеке үйде болған. Өртті сөндіру кезінде бес адамның мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты арнайы тергеу-жедел тобы құрылған.