Украина 50 күнде Ресейдің 40 нысанына соққы берген – The New York Times

Украина 50 күнде Ресейдің 40 нысанына соққы берген

Украина Ресей аумағындағы алыс қашықтықтағы шабуылдарын күшейтіп жатыр. The New York Times басылымының мәліметінше, соңғы 50 күнде Украина күштері Ресейдің мұнай және әскери-өнеркәсіп кешеніне тиесілі 40 нысанды зақымдаған.

Шабуылдар 2 400 шақырымнан астам аумақты қамтып, кемінде бес теңізге дейін жеткен. Нысанаға мұнай өңдеу зауыттары, жанармай терминалдары, зымыран отынын өндіретін кәсіпорындар мен әскери кемелер алынған.

Басылым дерегінше, Украина кей күндері Ресей аумағына 1 000-нан астам дрон ұшырады. Сонымен қатар мұнай өңдеу саласына жасалған шабуылдар Ресейдегі мұнай өнімдерінің өндірісіне әсер еткен.

Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей мұнай өңдеу зауыттарының өндірісі бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 30 пайызға төмендеген. Бензин өндірісі 20 пайызға, дизель отыны 30 пайызға жуық қысқарған.