Қазақстанда мәслихат сайлауы өтіп жатыр

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.

Сайлауға 10 мыңнан астам үміткер қатысады. Сайлауда аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары сайланады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 3 447 депутаттық орынға 10 971 үміткер тіркелді. Оның 1 219-ы партиялық тізімде бар.Ал 9 752-сі бірмандатты округтер бойынша үміткер. Әрбір мандат үшін орта есеппен үш адамнан бақ сынайды.

20 облыстық мәслихатқа 668 депутат, 38 қалалық мәслихатқа 626 депутат, ал 170 аудандық мәслихатқа 2 153 депутат сайланады.