Аталған учаскелер вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтарға арналған. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазіргі уақытта бұл кен орындарында 11 мыңнан астам сайлаушы еңбек етіп жүр.
Жалпы облыс бойынша сайлау құқығына ие 425 мыңнан астам азамат өз таңдауын 278 сайлау учаскесінде жасай алады. Сайлау науқанының барысын әр деңгейдегі 2 мыңнан астам комиссия мүшесі қадағалайды.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, аталған кәсіпорындарда еңбек ететін Қазақстан азаматтарының сайлау құқығын жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасалуда.
Баян Жанұзақова, Атырау облысы