Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында төрт түсті бюллетень қолданылып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
2023 жылғы сайлауда олардың үш түрі пайдаланылған.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бюллетеньдердің түсі мәслихаттың деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай белгіленген.
Көгілдір – партиялық тізім бойынша дауыс беруге;
Жасыл – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының мәслихаттарына бірмандатты округтер бойынша депутат сайлауға;
Күлгін – облыстық маңызы бар қалалардың мәслихат депутаттарын сайлауға;
Қызғылт сары – аудандық мәслихат депутаттарын сайлауға арналған.
Бюллетеньдердің түсін ажырату сайлаушыларға дауыс беру кезінде шатаспауға мүмкіндік береді. Барлық бюллетень А5 форматында әзірленген және олардың әрқайсысында «Бәріне қарсымын» деген баған бар.