Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында сағат 14:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың ең жоғары белсенділігі Жетісу облысында тіркелді (58,35%). Одан кейін Түркістан (56,91%) және Қызылорда (56,38%) облыстары тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді (25,72%). Жалпы еліміздің жеті облысында сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгерген.
Өңірлер бойынша сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші:
Астана қаласы – 33,27%;
Абай облысы – 51,82%;
Ақмола облысы – 49,14%;
Ақтөбе облысы – 54,17%;
Алматы облысы – 51,36%;
Атырау облысы – 46,71%;
Батыс Қазақстан облысы – 46,12%;
Жамбыл облысы – 48,05%;
Жетісу облысы – 58,35%;
Қарағанды облысы – 44,76%;
Қостанай облысы – 46,21%;
Қызылорда облысы – 56,38%;
Маңғыстау облысы – 47,51%;
Павлодар облысы – 46,83%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%;
Түркістан облысы – 56,91%;
Ұлытау облысы – 43,63%;
Шығыс Қазақстан облысы – 54,46%;
Алматы қаласы – 25,72%;
Шымкент қаласы – 32,74%.
Еске салайық, сағат 10:00-де республика бойынша сайлаушылардың 12,31 пайызы дауыс берген болатын. Төрт сағат ішінде бұл көрсеткіш 33,15 пайыздық тармаққа өсті.