Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 267 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 267 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 267 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау минситрлігі мәлімдеді.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 16:35 жағдай Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Батыс Қазақстан облысында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 162 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 267 науқас тіркелді", – елінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.