Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауында сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,86 пайызы дауыс берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметіне сәйкес, ең жоғары белсенділік Түркістан облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 69,84 пайызы дауыс берген. Одан кейінгі орында Жетісу (68,03%) және Қызылорда (67,36%) облыстары тұр.
Ал сайлаушылардың белсенділігі ең төмен өңір – Алматы қаласы. Мұнда дауыс беру көрсеткіші 33,73 пайызды құрады. Астанада сайлаушылардың 39,91 пайызы, Шымкентте 40,23 пайызы өз таңдауын жасаған.
Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі дауыс беру көрсеткіші:
Түркістан облысы – 69,84%;
Жетісу облысы – 68,03%;
Қызылорда облысы – 67,36%;
Ақтөбе облысы – 66,19%;
Абай облысы – 63,02%;
Шығыс Қазақстан облысы – 61,47%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 56,58%;
Жамбыл облысы – 56,31%;
Алматы облысы – 56,25%;
Маңғыстау облысы – 56,17%;
Павлодар облысы – 55,89%;
Қостанай облысы – 54,15%;
Қарағанды облысы – 53,42%;
Ақмола облысы – 53,16%;
Батыс Қазақстан облысы – 52,27%;
Ұлытау облысы – 51,53%;
Атырау облысы – 51,17%;
Шымкент қаласы – 40,23%;
Астана қаласы – 39,91%;
Алматы қаласы – 33,73%.
Орталық сайлау комиссиясы ұсынған бұл деректер алдын ала есепке негізделген.