Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов 20 желтоқсанда Дубайда өтетін ACBJJ турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – UFC-дің бұрынғы жауынгері, Ирак өкілі Амир Альбази.
Қазір Альбази UFC-дің медиа-рейтингінде тоғызыншы орында тұр. Ол қараша айында UFC Qatar турнирінде Алешандре Костаны тұншықтыру әдісімен жеңіп, арнайы бонусқа ие болған.
Жұмағұлов пен Альбази бұған дейін 2021 жылы UFC 257 турнирінде кездескен. Сол жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ирактық спортшы жеңіске жеткен еді.