Орталық сайлау комиссиясы сағат 20:00-дегі жағдай бойынша мәслихат сайлауына қатысқан сайлаушылардың үлесін жариялады

Орталық сайлау комиссиясы мәслихат сайлауында дауыс бергендердің үлесін жариялады

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының  депутаттары сайлауында сайлаушылардың дауыс беруі туралы сағат 20:00-дегі жағдай бойынша ақпарат жариялады.

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректер:

Астана қаласы – 42,92%

Абай облысы – 68,22%

Ақмола облысы – 56,08%

Ақтөбе облысы – 75,69%

Алматы облысы – 60,41%

Атырау облысы – 54,16%

Батыс Қазақстан облысы – 55,27%

Жамбыл облысы – 61,92%

Жетісу облысы – 74,09%

Қарағанды облысы – 56,42%

Қостанай облысы – 57,14%

Қызылорда облысы – 71,58%

Маңғыстау облысы – 61,86%

Павлодар облысы – 60,23%

Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%

Түркістан облысы – 77,58%

Ұлытау облысы – 54,61%

Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%

Алматы қаласы – 37,70%

Шымкент қаласы – 44,72%

 

Республика бойынша сағат 20:00–де 

тізімге енгізілген сайлаушылардың  58,55% дауыс берді.