Қазақстан құрамасы Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде екі жүлдеге ие болды.
Отандастарымыз нео-сеньорлар санатындағы командалық із кесу жарысында медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы бәсекеде Абылайхан Қайырғазы, Азамат Сатқожа және Руслан Жанаділов мәреге екінші болып жетіп, күміс жүлдегер атанды.
Ал әйелдер арасында Анастасия Беловодова, Айзада Рымбек және Алена Лифатова үшінші орын алып, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.