Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 284-ке жетті «30 наурыз сағат 00.20-дағы жағдай бойынша коронавиурс індетін жұқтырудың тағы бір дерегі Ақтөбе облысында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, жалпы 284 науқас тіркелді» делінген ақпаратта. Ақтөбе облысындағы науқас Стамбұлдан Ақтауға, Ақтаудан Ақтөбеге ұшып келген. Ұшақтан түскен барлық 18 адам оқшауланып, анализ алынып, талдауға жіберілді. Айта кетейік, аурудан 20 адам айығып, 1 адам қайтыс болды.