Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, Қытайда коронавирустың таралуы толық тоқтады. «28 наурыздағы жағдай бойынша, ауру жұқтырғаны анықталғандар саны 3000-ға азайған. Қытай территориясында эпидемияның таралуы толық тоқтады», – деді Мемлекеттік комитеттің ресми өкілі Ми Фэн. Айта кетейік, соңғы тәуліктегі мәлімет бойынша бір тәулік ішінде әлем бойынша 671 424 адам вирус жұқтырған. Бұл көрсеткіш тәулік ішінде 74 205 адамға көбейген. Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 30 956-ға жетті. Бір тәулік ішінде аталған індеттен көз жұмғандар саны 3621 адамға өсті. Ал Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 284-ке жетті. 30 наурыз сағат 00.20-дағы жағдай бойынша коронавиурс індетін жұқтырудың тағы бір дерегі Ақтөбе облысында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, жалпы 284 науқас тіркелді.