Вирустың таралуына байланысты сақтық үшін сотталғандар жақындарымен онлайн жүздесетін болды. Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖ мекемесінде сотталғандар бейне байланыс арқылы жақындарымен сөйлесті. Адамдар сот үкімімен бас бостандығынан айырылады, бірақ сыртқы әлемнен байланыс толық үзілмейді. Сотталғанның жақын адамдарымен хат-хабар алып тұруға құқығы бар. Жазуға, қоңырау шалуға болады. Ал қазіргі заманғы технологиялар адамдарға қашықтықта көрінуге мүмкіндік береді. ЕС-164/1,3,6,8,9 мекемелерінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандар үшін олардың туыстарымен және жақындарымен Skype арқылы бейнекездесу ұйымдастырды. Бейнеқоңыраулар ТЖ кезінде коронавирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ сұхбаттасып жатқан адамдарға тек қана естіп қана қоймай, бір-бірін көруге мүмкіндік береді. Жүздеген, кейде мыңдаған шақырымға қарамастан, туған-туысқандары мен жақындарына жиі көрінуге мүмкіндік береді. «Менің ата-анамды көруге мүмкіндігім бар, ал олар менің денім сау екенін көре алады. Ата-анам мен балаларымды көріп қуанып қалдым. Мекеме әкімшілігіне мүмкіндік бергені үшін көп рақмет», – дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің сотталғаны О. Шавкомуд. «Шалғай аймақтарда тұратын және осы кездесулерде жақын адамдармен бейнебайланыс арқылы кездесулер сотталғандарға психологиялық тұрғыдан пайдасы көп», – дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің басшысы Тамерлан Валиев.