Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 636-ға жетті
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 636-ға жетті
Фото: Интернеттен алынды
320
оқылды
«РИА Новостидің» жазуынша, Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 636-ға жетті деп ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті хабарлаған. «6 ақпанда Қытайдың 31 провинциясында 31 161 адам вирусты жұқтырған. Оның 4821-інің халі мүшкіл. 636 адам қаза тауып, 1540 науқас ауруханадан шығарылды» делінген ресми хабарламада.
Ең соңғы мәлеметтерге қарағанда, 3143 адам коронавирусты жұқтырып, 387 науқас ауруханадан шыққан.
Гонконгта вирусты жұқтырған 24 адамның 1-уі қаза тапса, Макаода вирусты жұқтырған 10 тұрғынның 1-уі ауруханадан шыққан. Ал Тайванда 11 адам ауру жұқтырып, 1-уі емделіп шыққан. Одан бөлек, коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдікпен тағы 26,4 мың адам анықталған. 186 мыңнан аса адам ауруханада жатыр. Айта кетейік, бұған дейін Уханьдағы коронавирус туралы ең бірінші ескерткен дәрігер қайтыс болғанын жазған болатынбыз.