COVID-19: 1 шілдеге дейін Қазақстанға кіріп-шығуға тыйым салынды
COVID-19: 1 шілдеге дейін Қазақстанға кіріп-шығуға тыйым салынды
Фото: Интернеттен алынды
164
оқылды
Қазақстанда 72 сағаттық визасыз режим 1 шілдеге дейін тоқтатылды. Вирустың таралуына байланысты Қазақстанда иммигранттардың елге кіру және шығу тәртібіне өзгерістер енгізілді. «Көшіп келушілердің Қазақстанға келуі және ел ішінде болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан аумағынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр. «Қазақстан Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы»  ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын», – деп жазылған Үкімет қаулысында. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіліп, ресми түрде жарияланды.