Ол Мәскеу шетіндегі Коммунарка ауылының ауруханасына өкпе қабынуымен түскен. Алайда дәрігерлер коронавирустық инфекцияның болуын күмәнданып, ауыр жағдайға түскен науқасты тексеруге алған. Нәтижесінде, вирус инфекциясы болмай шықты. Әнші бұл жайында Instagram парақшасында жазған. https://www.instagram.com/p/B-WJiIJoPUN/?utm_source=ig_web_copy_link – COVID-19-ға тексеру барысында бұл дерттің жұқпағанын анықталды. Ең алдымен Коммунарка коллективінің кәсібилігіне, мейрімділігіне үлкен рақмет. Отбасымның сүйіспеншілігі арқасында жақсыға деген сенімім үзілмеді. Мен үшін алаңдап, маған қолдау көрсеткен жақындарым мен әріптестеріме алғысым шексіз, – деді Игорь Николаев.