Қордайда қосымша шектеу шаралары енгізіледі
Қордайда қосымша шектеу шаралары енгізіледі
© сурет интернеттен алынды
136
оқылды
Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында коронавирус инфекциясына байланысты қосымша шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Шектеу шаралары: 1) Төмендегі жағдайларды қоспағанда, Қордай ауданының елді мекендері арасында халықтың, оның ішінде қоғамдық көліктің қозғалуын 22.00 сағаттан 7.00 сағатқа дейін шектеу: - жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігі болған кезде ғана тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру; - шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге жүгіну; - малын жаю; - күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар болған жағдайда үйден шығу; 2) аудан тұрғындарына туысқандарына, таныстарына, көршілеріне, әріптестеріне және т. б. баруға жол берілмейді; 3) шекаралық бақылау-өткізу бекеттерінде транзиттік жүк автокөліктерін, сондай-ақ Жамбыл облысының өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін және тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін азық-түлік тауарлары, дәрілік заттар және медициналық бұйымдар, өндірістік тауарлар және материалдары бар автокөлікті қоспағанда, автокөліктің барлық түрлерінің сағат 19.00-ден 10.00-ге дейін кіруіне тыйым салынады; 4) коронавирус инфекциясының болуына қатысты зертханалық тексеру нәтижесі берілгенге шейін Қазақстан Республикасының аумағына келетін азаматтарды бір күндік стационарлық карантинге міндетті түрде орналастыру енгізіледі. 5) сондай-ақ ауданда қоғамдық көлік пен такси қозғалысы шектеледі; 6) Қордай ауданының аумағына (аумағынан) төмендегі жағдайарды қоспағанда сағат 19:00-ден 7:00-ге дейін автокөлік құралдарының кіруіне және шығуына шектеу енгізіледі: - транзиттік жүк автокөлігі, сондай-ақ азық-түлік тауарлары бар жүк автокөлігі және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету қызметтері; - шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге шығу; - тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін жүріп-тұру және кері қайту жағдайында жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлігінің болуы.