Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясының аясында Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына коронавируспен күрес кезінде қолдау көрсетуді жалғастыруда. ⠀ Бүгінгі күні 18 мыңдай отбасыға, оның ішінде жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және басқаларына көмек көрсетілді. ⠀ Мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажет тауарларды байланыссыз жеткізіп беруді тоқтатпау үшін елорда мен Алматыда волонтерларымызды биологиялық қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етудеміз. Мұндай қорғаныс құралдары басқа қалалардағы волонтерларда да болуы тиіс. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Nur Otan осыған дейін партиялық бақылау комиссиясы мен аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейткен еді. Nur Otan партиясы мұның азаматтардың өтініштеріне жауап бермейтін, сондай-ақ, БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша өздеріне жауапкершілік алып, дер кезінде тиісті шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғаларға қатысты айтылып отырғанын түсіндірді. Азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін бұдан бөлек Call-орталық пен Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауларындағы онлайн-жүйелердің жұмысы күшейтілді.