Нұр-Сұлтанда 1500 дәрігер сыйақы алды
Нұр-Сұлтанда 1500 дәрігер сыйақы алды
Фото: Интернеттен алынды
148
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күресіп жатқан медицина мамандарына сыйақы берілді. «Елордада 1,5 мыңға жуық медицина қызметкері коронавируспен күресіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, медицина қызметкерлеріне сыйақы берілді. Елбасының тапсырмасына бойынша «Біз біргеміз» қорынан коронавируспен ауырған пациенттермен тікелей байланыста жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне қосымша қаражат бөлінді», – делінген қала әкімдігінің ресми сайтында. Елордада коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері қонақүйлерге орналастырылып, тамақпен көлікпен қамтамасыз етілді. Емханалар мен ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер үшін де көлік ұйымдастырылған. Көлікті CTS компаниясы ұсынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен медицина қызметкерлеріне жалақымен қоса, ай сайын үстемеақы беріліп отырады. Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 ай бойы жүргізіледі: «Қауіптілігі аса жоғары» — реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 20 ең төменгі жалақыны көлемінде беріледі (Жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ) - 850 мың теңге). «Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы  - 10 ЖТМ (425 мың теңге). «Қауіптілігі орташа» – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстеме ақы - 5 ЖТМ (212,5 мың теңге).