Италияда коронавирусқа шалдыққандардың саны азайды
Италияда коронавирусқа шалдыққандардың саны азайды
Фото: Интернеттен алынды
223
оқылды
Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты, бір түнде 892 адам қайтыс болды. Алайда елдің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Бореллидің айтуынша, елде вирусты жұқтыру бойынша рекордтық төмен көрсеткіш тіркелген, – деп жазады «РИА Новости». 
«Бүгінде 75 528 италиялық коронавирусқа  шалдыққан, бір тәулікте 1648 адам коронавирус індетін жұқтырған», – деді Анджело Борелли. 
Соңғы 13 күнде вирус жұқтырғандардың саны тәулігіне 3 мыңнан түспеген. Науқастардың коронавирусты жұқтыру бойынша төмен көрсеткіші 10 наурыздан бері тіркелмеген.
«1590 адам жазылып шықты. Ал жалпы 14 620 науқас вирустан емделіп шықты. Бұл – эпидемия басталғаннан бері рекордтық көрсеткіш», – деп мәлімдеді Борелли. 
Бореллидің сөзінше, қайтыс болған және емделіп шыққан науқастарды қосқанда жалпы 101,7 адам коронавирусты жұқтырған. Еске сала кетейік, Қазақстанда 308 адам коронавирусқа шалдыққан.