«Карантиндегі аймақтарға астық жеткізуді тоқтатты» – экспортқа да шектеу енгізілді
«Карантиндегі аймақтарға астық жеткізуді тоқтатты» – экспортқа да шектеу енгізілді
Фото: Интернеттен алынды
157
оқылды
Коронавирустың жаппай таралуының алдын алу үшін бүгіннен бастап тағы бірнеше облыс карантинге жабылды. Сонымен қатар Қазақстан өзге мемлекеттерге астық жеткізуін уақытша тоқтатты. Сондықтан елімізде астық экспортына шектеу қойылады. Экспортты шектеу туралы шешімді еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдады. Нақты айтқанда, бидай мен ұн экспортына шектеу қойылып отыр. Мамандар «ең алдымен ішкі нарықты қамтамасыз етуіміз керек» дейді.

Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі ай сайынғы белгілеген квотаны енгізеді .

Квоталарды бөлу мен олардың көлемі алдағы уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет ресурсында орналастырылады.

Сондай-ақ, министрліктің баспасөз қызметі республикада қанша астық көлемі бар екенін жариялады.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 наурызындағы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 9,2 миллион тонна, оның ішінде азық-түлік – 6,4 миллион тонна, тұқымдық – 1,5 миллион тонна, жемдік 1,3 миллион тонна астық бар.

Айта кетейік, Қазақстандағы азық-түлік қоры жеткілікті. Баға Үкіметтің бақылауында. Еске сала кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 325 адам коронавирусқа шалдыққан. Қазақстандағы коронавирус бойынша 31 наурыз сағат 09:40 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 9 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.