Коронавирустың жаппай таралуының алдын алу үшін бүгіннен бастап тағы бірнеше облыс карантинге жабылды.
Сонымен қатар Қазақстан өзге мемлекеттерге астық жеткізуін уақытша тоқтатты. Сондықтан елімізде астық экспортына шектеу қойылады.
Экспортты шектеу туралы шешімді еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдады.
Нақты айтқанда, бидай мен ұн экспортына шектеу қойылып отыр. Мамандар «ең алдымен ішкі нарықты қамтамасыз етуіміз керек» дейді.
Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі ай сайынғы белгілеген квотаны енгізеді . Квоталарды бөлу мен олардың көлемі алдағы уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет ресурсында орналастырылады. Сондай-ақ, министрліктің баспасөз қызметі республикада қанша астық көлемі бар екенін жариялады. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 наурызындағы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 9,2 миллион тонна, оның ішінде азық-түлік – 6,4 миллион тонна, тұқымдық – 1,5 миллион тонна, жемдік 1,3 миллион тонна астық бар.