Үйінде компьютері, интернет байланысы жоқ оқушылардың да проблемасын шешеміз – Асхат Аймағамбетов
Үйінде компьютері, интернет байланысы жоқ оқушылардың да проблемасын шешеміз – Асхат Аймағамбетов
Фото: Интернеттен алынды
145
оқылды
Білім және ғылым министрі Орталық коммуникациялар орталығында брифинг өткізді. Министрдің айтуынша, 6 сәуірден бастап мектеп оқушылары үшін интернет қызметі тегін болады. Министрдің айтуынша, мектептердегі компьютерлер оқушылардың үйіне таратылып жатыр. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласындағы мектептерде іске асып жатыр. Сонымен қатар компьютері жоқ мұғалімдер мәселесі де шешімін табады. Айта кетейік, Қазақстанда мектеп оқушылары үшін 16 наурыздан бері жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқыту құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн жұмыс, онлайн курстар пайдаланылады. Бізде Bilimland, Google Classroom, MOODLE, Univer, Platonus, Canvas, Daryn.onlinе жүйелері бар. Сондай-ақ Coursera өз курстарын тегін ұсынды және ZOOM оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады.