Елде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан Ақтөбеде үйлену тойын өткізгендер анықталды, - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің өкілі Ерболат Сарқұлов.
Оның айтуынша, облыс бойынша 74 ереже бұзушылық анықталған.
Полиция өкілі мұндай жағдайдың осымен екінші рет тіркелгенін айтады.
Айта кетейік, ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 336 адамға жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 18 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 336 науқас тіркелді.