Ресейде бір тәулікте 500 адам коронавирус жұқтырды
Ресейде бір тәулікте 500 адам коронавирус жұқтырды
©versiya.info
5,121
оқылды
Ресейде коронавирустық инфекция 500 жаңа науқастан анықталды, деп хабарлайды Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.
«Өткен тәулікте Ресейде бес жүз жағдай тіркелді, елдегі науқастар саны – 2337. Коронавируспен ауыратындар саны, әсіресе, Мәскеуде күн сайын артып келеді. Вирус басқа елдерге сапар шекпеген азаматтар арқылы таралып жатыр», - делінген ақпаратта.
Елде індеттен қаза тапқандар саны 17 адамға жетті.