Бас мүфти коронавирустан көз жұмған адамның жаназасы зират басында оқылатынын айтты
Бас мүфти коронавирустан көз жұмған адамның жаназасы зират басында оқылатынын айтты
© сурет интернеттен алынды
139
оқылды
Қасиетті Рамазанға дейін бір айдан аз уақыт қалды, деп хабарлайды «Хабар 24» Карантин созылып, оразаға әсер етпей ме? Егер алда-жалда елдегі төтенше жағдай режимі ұзартылып жатса, Мүфтият тиісті шешім қабылдайды. Мұны бүгін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы айтты. Бетін аулақ қылғай, коронавирустан көз жұмған адамның жаназасы үйінің ауласында емес, зират басында оқылады. Ғұламаларымыз шариғат шеңберінде осындай пәтуа шығарды. Бұдан бөлек, имам мен мәйіттің арасы бірнеше метр болуы тиіс. «Ал асты кейін де беруге болады. Исламда ас-су адам қайтқан күні берілуі керек деген пәтуа жоқ», – деді мүфти.
"Қазіргі кезде қабылданған ережелерде оның арнайы СЭС өкілдері сол қайтыс болған адамды өздері дайындайды. Шариғаттың шеңберінде сол қайтыс болған адамды қалай дайындау керектігі жөнінде регламентті оларға беріп қойдық.  Қазір мұның бәрі ДСМ берілді. Олар әрі қарай өздерінің мекемелеріне жібереді. Одан соң біздің имамдар жаназасын оқиды. Ал жерлеген кезде де арнайы адамдар жерлейді. Мәйітті алып келгенде де арнайы адамдар алып келеді. Арнайы қызмет өздері атқаратын болдық", - деді бас мүфти, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.