Шағын және орта бизнес еңбекақыдан ұсталатын табыс салығынан 6 айға босатылды
Шағын және орта бизнес еңбекақыдан ұсталатын табыс салығынан 6 айға босатылды
© сурет интернеттен алынды
284
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимінде кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілетінін айтты. «Біз шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алдық. Кәсіпкерлерге көмек көрсету керек. Өйткені олар - экономикамыздың тірегі», - деді Президент телеарна арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде. Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек. «ШОБ өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын табыс салығынан босатуды тапсырамын. Мұндй қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды», - деді Мемлекет басшысы.