Қазақстанда коронавирус індетіне шалдыққан тағы 3 адам анықталды. Сoronavirus2020.kz-тің хабарлауынша, науқастар Атырау облысында тіркелген. 1 сәуір сағат 01.15-тегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 178 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында – 13 адам, Ақмола облысында – 10 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 18 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 1 адам, жалпы 343 науқас тіркелді.