Журналистерге коронавирус туралы айтуға тыйым салды
Журналистерге коронавирус туралы айтуға тыйым салды
Фото: Елена Лукьянова
123
оқылды
Түркіменстан билігі «коронавирус» сөзін қолдануға тыйым салды, – деп жазады 24.kz. Дереккөздің мәліметінше, елдегі барлық ақпарат құралында «коронавирус» сөзін айтуға және жазуға болмайды. Сонымен қатар көшеде маска киіп, әлемдегі коронавирус пандемиясы туралы сөйлескен азаматтар тұтқындалуы мүмкін екені айтылады. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркіменстанда коронавирус індетін жұқтырған бірде-бір адам тіркелмеген. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны – 343 адам. Оның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласында – 178 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында – 13 адам, Ақмола облысында – 10 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 18 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 1 адам, жалпы 343 науқас тіркелді.