«Төтенше көмек» кімге төленеді?
«Төтенше көмек» кімге төленеді?
197
оқылды
Мемлекет 42,5 мың теңге әлеуметтік көмек төлеуге кі­ріс­­­­ті. АӘК төлеу ке­зін­дегіден айырмашылығы сол осы дүрлігудің көшеде көрініс беруіне коронавирус, карантин және халыққа қызмет көр­сету орталықтарының жабылуы тосқауыл болды. Елдің қо­­балжыған көңілін тек Үкімет пен жауапты меморгандарға қар­­ша бораған хаттар аңғартады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимі салдарынан уақытша жұмыссыз қал­ған адамдарға қаржылай көмек көр­­сетуді жүктеді. Тек Нұр-Сұлтан қа­ласының өзінде осы төлемге үміт­керлер саны 120 мыңнан асты. Олар­дың арасында компаниялар мен кәсіпорындар қызметкерлері ға­на емес, шаштараз, косметолог, алып­сатар секілді сервис пен сауда өкіл­дері де бар. «Өтінішті электронды үкімет веб-порталында онлайн беруге бо­лады. Сондай-ақ 55-14-87, 55-01-74, 55-69-59, 55-67-12 нө­мір­лері бойын­ша кеңес ала аласыз» деп хабарлады елорда әкімдігі. Ал­маты қаласының әкімдігі ТЖ кезінде жұмыссыз қалғандарға әлеу­меттік тө­лем мәселелерімен 8 707 335 0613, 8 707 335 05 14 және 8 707 335 06 15 қауырт желілеріне ха­барласу­ды сұрайды. Негізі, 42,5 мың теңге – ха­лық­ты демеуге арналған жалғыз көмек емес. Оның сыртында Елбасы тап­сырмасына сәйкес Nur Otan пар­тия­сы 8 мың аз қамтылған отба­сы­ның картасына 50 мың теңгеден ау­дарады. Бұдан бөлек, биыл аз қам­тылған отбасыларды қол­дау­дың қосымша шарасы енгізілді: жас балаларына мемлекеттік әлеуметтік көмек (МӘК) беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) ары қарай төленуде. Карантин уа­қытында төлем алушы мен ко­мис­сия өкілдерінің тікелей бай­ла­ны­сын болдырмау үшін АӘК та­ғайын­дау үдерісі жеңілдетілді: егер от­басы құрамы, тұратын мекен­жайы және табыс көлемі өзгермесе, енді кезекті төлем  ешқандай өті­ніш­сіз-ақ ұсынылады. Үкімет осал топ өкілдерін қолдау шараларын то­лыққанды жалғастырады. Үкімет қаржыгерлері коро­на­вируспен күрес және оның аясын­дағы қатаң шаралар ел қазынасына үлкен салмақ түсіретінін мойын­дай­ды. Тіпті,Ұлттық қордан бұрын қ­арастырылған шығын сыртында та­ғы 1,8 триллион теңге алуға тура ке­летіні анықталды. Бұл – мұнай түсімдері құйылатын қордың 6,8 пайызы. 2020 жылғы наурыз айы­ның ортасында Ұлттық қорда жал­пы сомасы 61 млрд 153,5 млн дол­лар (шамамен 27 триллион 213,3 теңге) қаражат болған. Қаржы министрлігінің мәліме­тін­ше, мемлекет зейнетақы, жәр­де­мақылар төлеу, орта білім беру, кепілдендірілген тегін медици­на­лық көмек көрсету үшін барлығы 4,2 триллион теңге жұмсауы қажет. Бұл сома бұрын бюджетте бе­кі­тілген және азайтуға жатпайды. «Әлеуметтік міндеттемелер то­лық көлемде орындалады. Мұның сыртында зейнетақы, жәрдемақы, АӘК инфляцияға байланысты индексацияланып, арттырылады» деп хабарлады Қаржы министрлігі.  

Ел наразылығы ескерілді

Біреулер 42,5 мыңды қомсы­на­ды: «100 долларға да жетпейтін қар­жыңды неге аяйсың? Бер, бә­ріне!» деп әлеуметтік желіден би­лік­ке айбат шеккендер болды. ТЖ тө­лемін салмақты сома санап, оны тезірек алуға құмартқандар да же­терлік. Бірақ бастапқыда бұл оңай болмай шықты. «Қысқартуға ілігіп қалдым. Жұ­мыс­сыз ретінде есепке тұрып, жәрдемақы алайын десем, Нұр-Сұлтанда ХҚКО тегіс жабық. Ал онлайн тіркелу үшін электронды цифрлы қолтаңбамен қол қою ке­рек екен. Оны енді қашықтан алу мүмкін емес көрінеді. Қалай өмір сүремін, не жеймін? Оның үстіне, үш бала үшін алимент төлеуім қа­жет. Оларды да асырауға тиіспін ғой» деп налиды елорда тұрғыны Ас­лан Қанатұлы. Алматы облысының тұрғыны Ар­дақ Салықов та осы әлеуметтік кө­мекті алу қамымен жүр: «Жұ­мыс­сыз қалдым. Egov порталы ар­қылы жұмыссыз ретінде онлайн тір­келуге талпындым, бірақ бәрібір ештеңе өнбеді. Қалай тырыссам да қабылдамайды. Іле ауданының жұ­мыс­пен қамту орталығы ТЖ-ға бай­ланысты жабылып қалған», – дей­ді ол. Алматылық Руслан Миратов Пре­зиденттің ізгі бастамасын же­дел орындауға жауапты органдар­дың дайын болмағанына ренжиді. «Барлық ақпарат құралдары тө­лем төлеуге өтініш қабылданып жат­қанын жарыса жазуда. Egov порталының «Электронды өтініш» қыз­метін пайдалануға талап­тан­дым. Ештеңе шықпады. 1414 бі­рың­­ғай байланыс орталығына қоңырау шалсам, операторы бұдан ха­барсыз. Неге шенеуніктер Пре­зи­дент Жарлығын сол мезетінде орын­дауға үнемі дайын болмай шы­ғады? Алдын ала хабарлап, ха­лықты босқа дүрбелеңге салудың не қажеті бар?!» – дейді Руслан. Тағы бір мәселе бар: қызметкер ТЖ төлемін алуы үшін оның жұ­мыс берушісі жалақысыз қалған жұ­­­мыскерлерінің тізімін жасап ұсынуы қажет. «Төтенше жағдайдан қиналған жұ­мысшыларға көрсетілетін кө­мекті жұмыс берушіге тәуелді ет­кені дұрыс болмады. Мен Ал­ма­ты­ның қаламаңы аймағында тұ­ра­мын. Жұмысым қалада. Алматы карантинге жабылды, қатынас тоқтады. Жұмыс берушімнен құ­жат­ты қалай аламын? Басты­ғым­ның телефон нөмірін де білмеймін, бізді менеджерлер басқарады, олар «ұсақ-түйекке бола бастықтың ба­сын қатырма!» деп жолатпайды», – дейді Асқар Шатанов. Осындай шағымдарға үн қат­қан Үкімет құжат қабылдау про­це­сіне біраз өзгеріс енгізді. Атап айт­қанда, бұған дейін жұмыс беру­ші ТЖ кезеңінде өз қызметкерлері кі­рісін жоғалтқанын растайтын құ­жаттарды; қызметкерлерінің тізімін; олардың жалақысы сақ­тал­майтын демалысқа шығарылғаны ту­ралы бұйрық көшірмесін тап­сыруы керек болатын. Енді ТЖ сал­дарынан табысты жоғалту фак­тісін растайтын құжаттарды ұсыну қа­жет болмайды. Демек, рәсім бір­шама жеңілдетілді. Әлеуметтік тө­лем тағайындалуы үшін жұмыс беру­ші өтініш пен қызмет­кер­лері­нің тізімін ғана береді. Ал жеке кәсіпкерлер, фрилансерлер өз бе­тінше өтініш жазады. Қызмет­кер­лер де жұмыс берушіні күтпей-ақ өті­нішті өзі бере алады. Бірақ ті­зім­ді  ұсынуы керек. Бизнесмен Ольга Под­бе­рез­ки­на өз жұмысшылары үшін мем­ле­кеттік көмекті рәсімдеуге ден қой­ған. Ол қазіргідей алмағайып за­ман­да халықты демеудің бұдан бас­қа да жолы бар екеніне сенімді. «Мен жеке кәсіпкерлік иесімін. Өз балабақшам бар. ТЖ мен пан­де­мияға байланысты уақытша жа­­­былып қалдық. Не өзімде, не қыз­меткерлерімде ең кемі екі ай еш­қандай табыс болмайды. Мем­лекетке адал салық төлеп келдік. Ен­ді аласапыран шақта мемлекет ама­лын тауып, бізге демеу жасаса. Мы­салы, зейнетақы қорында бос­қа жатқан жарналарымыздың бір бө­лігін алуға рұқсат етсе, жөн бо­лар еді. Жағдай шынында ауыр. Үкі­мет түсіністікпен қарасын», – дей­ді кәсіпкер.  

Төлем алудың төрт қадамы

Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігінің мәліме­тін­ше, ТЖ төлемін төлеуге бюджет қа­­­ражаты шығындалмайды. Ол Мем­лекеттік әлеуметтік сақ­тан­дыру қорынан (МӘСҚ) төленеді. Жұмыс берушілер, жеке кәсіпкер­лер осы қорға ұзақ жыл ақша ау­да­рып келді. Төтенше жағдайға бай­­­ланысты кәсіпорындар жаппай жа­былып, жұмыскерлері табы­сы­нан айырылып жатқанда сол жар­на­ның қызығын көретін кез келді. Алайда адал салық төлеушінің бар­лығы бірдей оған қол жеткізе ал­майтыны айқындалды. Бас­тап­қыда «қызметкер үшін жұмыс беру­­­­ші соңғы 12 айда МӘСҚ-қа кем дегенде 3 ай бойы жарна аудар­ған болуы қажет» делінді. Әйтсе де, халық наразылығына байланысты әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу мерзімі күрт азайтылды. Тиі­сінше, қызметкер үшін аталған қорға бір жылда ең болмаса 1 рет әлеуметтік аударылым жасалса, бұл әлеуметтік төлем тағайындау үшін жеткілікті. Жеке кәсіпкер, же­ке практикамен айналы­сатын­дар қорға өзі аударады. Сонымен қатар ТЖ төлемінен бұған дейін тек орта, шағын және микробизнес қызметкерлері; жеке кә­сіпкерлер; жеке практикамен ай­налысатындар, яғни нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиаторлар; БЖТ (ЕСП) тө­леушілер ғана үміттене алатын. Кейін бұл тізім кеңейтіліп, 2 са­натпен – азаматтық-құқықтық си­пат­тағы шарттар бойынша та­быс табатын адамдармен (АҚС) жә­не карантин енгізілген елді ме­кен­дердегі ірі бизнес қызмет­кер­лері­мен толықтырылды. «42,5 мың теңгеге өз қызметін не өнімін өзге жеке тұлғаларға ұсы­натын адамдар да қол жеткізе ала­ды. Бұларға мысалы, такси­ші­лер, ре­петиторлар, бала күтушілер, үй­де тапсырыспен тоқыма өнім­де­рін жасайтындар, тұрмыстық тех­ника жөндейтіндер, сантехниктер, программистер, шаштараздар жә­не басқа да өзін-өзі жұмыспен қам­тушылар жатады», – дейді «Ата­мекен» ұлттық палатасы. Еңбек министрлігінің айтуын­ша, бейресми түрде жұмыс жаса­ған, қандай да бір жарна не салық аудармаған таксиші, бала бағушы және басқа да өзін-өзі жұмыспен қам­тушылар 42,5 мың теңге көмек алғысы келсе, онда тіркелуі қажет. Ең алдымен, банктердің мобильді қосымшасы немесе SMS арқылы бірыңғай жиынтық төлем (қалада 2 мың 651 теңге, ауылдық аудандар­да 1 мың 325,5 теңге) төлеуі міндет. Содан кейін Egov порталында ав­тори­зацияланады. Оның оң жақ жо­ғарғы бұрышында шыққан өз аты-жөнін түртіп, «Электронды өтініштер» тармағын таңдайды. Ашыл­ған терезеде «Құру»  батыр­ма­сын басады. Барлық қажетті жо­л­ды толтырып, «Мазмұны» жо­лын­да «ТЖ кезеңінде міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесіне қа­тысушыларға әлеуметтік төлемді та­ғайындау» дегенді көрсетеді. Ар­тынша өтінішінің электронды нұс­қасын тіркеуі керек. Сондай-ақ қыз­меткерлер тізімінің электрон­ды нұсқасын тіркеуі, онда тек өзін көр­сетуі және ЭЦҚ арқылы қол қойып, өтінішті жіберуі шарт. Жауап 3 күн ішінде Egov.kz-тегі же­ке кабинетке келуі тиіс. Ал БЖТ тө­леп келгендерге қайтадан төлеу қа­жет емес. Жұмысшылар мен қыз­меткерлердің тіркелу тәртібі – осыған ұқсас. Сөйтіп, ТЖ әлеуметтік төлемі кә­сіпкер ретінде тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды анық­тауға да қызмет етпек. Осы орайда, жауапты мемор­ган­дар барлық процестің қалай жү­ретінін қадам-қадам бойынша түсіндіріп берді. «1-қадам: жаңа әлеуметтік тө­лем тағайындалуы үшін жұмыс беру­ші жұмыспен қамту мәселелері жө­ніндегі жергілікті органға өті­ніш тапсырады. Жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын­дар және БЖТ төлеушілер өз бе­тін­ше жібереді. Қазір бұл органдар карантинге жабылған. Сондықтан өтініш Электронды үкімет веб-пор­талында «Электронды өтініш» қыз­меті арқылы онлайн ұсы­ны­лады», – дейді Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрлігі. 2-қадам: барлық онлайн өті­ніш­тер халықты жұмыспен қамту мә­селелері жөніндегі аудандық не қа­лалық штабқа түседі. Штаб олар­ды өңдей келе, әлеуметтік қол­дау көрсету туралы шешім қа­был­дайды. Рас, «Атамекен» ҰКП істі жеңілдету үшін дәл осы деңгей­ді алып тастауды ұсынып отыр. 3-қадам: «Азаматтарға арнал­ған үкімет» мемлекеттік корпо­ра­ция­сының бөлімшелері оң шешім алған қызметкерлердің тізімін қа­лыптастырады. 4-қадам: МӘСҚ сол тізімге сәйкес төлем жасайды. Әлеуметтік төлем ТЖ аяқтал­ған­ша, яғни әзірге бір айға төлене­ді. ТЖ режимі ұзартылуы да ғажап емес. Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігі барлық өті­ніш берушілер «ТЖ енгізілуіне бай­ланысты кірістерімді жоғалт­тым» деген фактінің өтірік емесін растап, өзіне жауапкершілік ала­ты­нын ескертті. Билік халықтың күр­делі кезеңде жауапты болаты­ны­на сенеді.  

 width=    Айхан ШӘРІП