Дағдарыстан IT мамандар құтқарады – Асқар Жұмағалиев
Дағдарыстан IT мамандар құтқарады – Асқар Жұмағалиев
Фото: Интернеттен алынды
157
оқылды
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіндегі ең өзекті мәселеге қатысты пікір білдірді. «ІТ-нарық ел Президентінің осынау мәлімдемесін күткенін білемін және олар Мемлекет басшысы айтқан қолдау шараларына қуанды. Әріптестерімнің назарын әсіресе, мына екі басты мәселеге аударғым келеді. Бірінші – еңбекақы төлеу қорынан аударымдар мен салық төлемдерінен босату түрінде салаға қаржылық қолдау көрсету. Мұндай қадам IТ-компанияларға осынау қиын кезеңде жоғары санатты мамандарды ұстап қалуға, жұмыс істеуін жалғастырып, елдегі цифрландыруды ілгерлетуге мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін»,- деп жазды министр Facebook парақшасында. Оның атап өтуінше, екіншіден, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру барысына жергілікті шағын және орта бизнесті, оның ішінде ІТ-ойыншыларын тарту барынша маңызды. «Мәселен, Мемлекет басшысы Үкіметке қазақстандық ІТ-компанияларды әлеуметтік қолдауға бөлінген қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын мониторингілеудің тиімді тетіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін платформа әзірлеуге тартуды тапсырды. ІТ-мамандарымызды осынау жұмысқа белсенді түрде қосылуға шақырамын. Бұл маңызды, дегенмен, ІТ-компаниялар өздерінің лайықты екендіктерін паш етуге мүмкіндік беретін бір ғана кейс еместігіне сенімдімін», - деді Асқар Жұмағалиев.