Қызылордада 6 адам коронавирусқа шалдықты
Қызылордада 6 адам коронавирусқа шалдықты
Фото: Интернеттен алынды
Қазақстандағы коронавирус бойынша 1 сәуірдің 11.50 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам Қызылорда облысында тiркелдi. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында - 14 адам, Ақмола облысында - 16 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 24 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 369 науқас тіркелді.