Коронавирустың шаш арқылы тез жұғатынын дәрігерлер растады
Коронавирустың шаш арқылы тез жұғатынын дәрігерлер растады
Фото: Интернеттен алынды
151
оқылды
Санитар дәрігерлер коронавирустың шаш арқылы жұғатыны туралы WhatsApp-та тарап жатқан хабарламаға қатысты пікір білдірді. Соңғы күндері WhatsApp пен әлеуметтік желілерде коронавирустың шаш арқылы жұғатыны туралы аудиохабарламалар тарап жатыр.
«Жұмыста жиналыс өтті. Вирус шаш арқылы тез тарайтындықтан бізге орамал тағу керегін айтты. Сосын қытайлық дәрігерлер келді. Келе салысымен бізге ескерту жасады, себебі біз орамалсыз, баскиімсіз отырдық. Қытайда тіпті шашын тақыр қылып алып тастап жатыр», – дейді белгісіз әйел аудио хабарламада.
Аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Саят Қауметбаев бұл мәліметті растады. Оның айтуынша, инфекция шашқа кіріп кеткен соң бірнеше сағат ішінде вирус адамға жұғады. Ол өзі ештеңе сезбеуі мүмкін. Қолғап, маска, көзілдірік тағып, санитарлық талаптарды сақтап, қолды жиі жуудан бөлек, үнемі баскиім киіп жүру қажет. Әсіресе, адам көп шоғырланған жерге бармау керегін ескертеді.