Жұмыссыз қалғандар жәрдемақысынан табыс салығын төлемейді – министр
Жұмыссыз қалғандар жәрдемақысынан табыс салығын төлемейді – министр
Фото: Интернеттен алынды
165
оқылды
Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің өкілдері жұмыссыз қалған қазақстандықтардың жәрдемақыдан табыс салығын төлеуі туралы сұраққа жауап берді. Комитеттегілер табысынан айырылған қазақстандықтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем берілетінін айтады. Салық кодексі бойынша, салық төлеп жүрген жеке тұлғалардың жәрдемақысына салық салынбайды. Осылайша, төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз қалған қазақстандықтардың жәрдемақыларынан салық ұсталмайды. Айта кетейік, бұған дейін жұмыссыз қалғандар үйден шықпай-ақ 42 500 теңгені 3 күн ішінде алатынын жазған болатынбыз.