Дезинфекция адам өміріне қауіпсіз
Дезинфекция адам өміріне қауіпсіз
406
оқылды
Аты жаман індеттен сақ­тану­дың дұрыс жолы бет­перде кию, қолды жиі жуу және дезинфекция екені үне­­мі айтылуда. Бетперде кию мен қолды жиі жуу – тек өзіңе бай­ланысты іс. Ал дезин­­­фекциялау жаппай жүр­­гі­зіліп жатқан қауіп­сіздік ша­­расы. Ал­матыдағы 28 пан­­­­филов­шылар атындағы сая­­­бақ­­та кө­гершіндердің қы­рылу де­регі тұрғындардың «Бұл зарар­­сыз­дандыру жұмыс­­та­рының сал­дары емес пе?» деген күмәнін ту­ғызды. Сон­дықтан бүгінде тұр­ғын­­­дардың көкейінде «Қала ау­­ма­ғын, үйді, кіребе­рісті, аула­ны, ойын алаң­­ын қандай ері­тін­­дімен зарар­сыздан­ды­рып жатыр?» деген сұрақ тұр.
Алматы қаласы Тауарлар мен қыз­меттердің сапасы мен қауіп­­сіздігін бақылау департа­мен­­тінің басшысы Айзат Молдақа­сымованың айтуынша, қалада­ғы кө­шелер мен аулаларды зарар­сыз­дан­дыруға 0,05% натрий ги­похлориті қолданылады. «Бұл де­зин­фекция құралын жап­пай зарар­сыздандыру үшін пайда­лануға рұқсат берілген. Құрамында токсин аз. Ол адамдар мен жануар­лардың өміріне қауіп төндірмейді. Ауру ошақтарын, яғни науқастар мен олармен байланыста болған жерлерді, ауруханалар мен әуежай­ды зарар­сыз­дандыруға 1 пайыз ерітін­діні қол­данамыз. Қол­дану кезінде бар­лық сақтық шарасы жа­салады. Ошақтарға залалсыз­дандыру жұмыстары жүргізіл­геннен кейін кемінде 50 минутқа дейін ол жерге бармаған жөн», – дейді Айзат Молдақасымова.
Тұрғындардың сұрағы бойын­ша Алматы әкімдігі қаладағы тұрғын үйлер кіреберісіне нелік­тен бу арқылы дезинфекция жасал­майтынына жауап берді. Өйт­кені тұрғындар кейбір елдерде ғи­марат­тарды ыстық бумен өңдеп жат­қанын мысалға келтірген бола­тын. Әкімдік қызметкерлері жа­бық ғимараттарда бу арқылы дезин­фекция жасау адам өміріне қауіпті екенін айтады. Олар ыстық бу тек қана жанармаймен жұмыс істейтін арнайы құралдың көмегімен іске асы­рылатынын тілге тиек етті. Дискілі, аэро­зо­льды, ультрады­быстық генера­торлар бұған жара­майды. Олар­мен зиянкес жән­діктерді улау үшін тек қана салқын тұман жасайды.
«Жабық ғимараттарда бумен дезинфекция жасау қауіпті, ге­нераторлар жанармаймен жұмыс істейді. Сондай-ақ дезин­фек­ция­лық құралдар жылытқан кезде тиім­ділігін жоғалтады. Сол себепті қаладағы тұрғын үйлердің кіреберісі қолмен себелеу ар­қылы залалсыздандырылуда», дейді әкімдік өкілдері. Осы жерде айта кету керек, кейде қаланың көпқабатты үйлерінің тұрғындары кіреберіс есіктерін ашпай зарар­сыздандыру жұмыстарын жүр­гізіп жатқандарға кедергі кел­тіруде. Тіпті, кейбір тұрғындар залал­сыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқандардан сертификат сұрап, ерітінділерді көз алдында араластыруды талап еткен жағ­дай­лар да кездескен. «Алматы дезин­фекция орталығы» РМК қызмет­керлері тұрғындардың өз жұ­мыстарына кедергі келтірмеу­лерін өтінеді. Өйткені бар­лық жұмыс тек нұсқаулық бойын­ша жасалуда. Аталған ком­пания өкіл­дері де заманауи дезинфек­ция­лық препараттар қолданылып жат­қанын, олар төртінші класты қауіп­сіздік (қаупі аз) нормасына сай екенін, оның адамдар мен жануарлар денсаулығына зиян кел­тірмейтінін ескертуде. Тек қана Қазақстан аумағы мен Кеден­дік одақ елдерінде қолдануға рұқ­сат етілген препараттар пайда­ла­нылуда.
Алматыда тротуар, аялдама­лар, қоқыс салғыштар мен бан­коматтарды Қорғаныс министр­лігінің әскери отрядтары 0,015 пайыздық белсенді хлормен за­рар­­сыз­дандыруда. Алматы де­зин­фек­ция орталығының брига­дасы науқастар анықталған және сауы­ғып шыққан тұрғын үй, ау­ру­хана бөлімшелері мен нау­қастар шыққаннан кейінгі медор­та­лық­тардың зарарсыздандыру жұмыстарына жауап береді. Алматы қаласында көп­қабатты 8 494 тұрғын үй болса, оның 23 613 кіреберісі, 4 082 аула бар. Қазір әрбір ауданда кесте бойынша тұ­рақты зарар­сыздандыру жұмыс­тары жүр­гізілуде.  

 width=     Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ